Полиция дезинфекторларды ұрып-соғуға үндеген Қуат Хамитовті босатты

Бұрын Ішкі істер министрлігі спортшының әрекеті қылмыс екенін хабарлаған еді


15/09/2020
13:21 47931 0

Фото: Sputnik Қазақстан

 

Әлеуметтік желіде халықты күш көрсетуге үндеген файтер Қуат Хамитов босап шықты. Мұны спортшының өзі журналистерге хабарлады.

 

— Босап шықтым, ешқандай қысым болған жоқ. Кейін толығырақ сұхбат берермін, — деді Хамитов БАҚ өкілдеріне. 

 

Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте Қуат Хамитов әлеуметтік желіде дезинфекторларды ұрып-соғуға, «коронавирус шашып жүрген» тікұшақтарды атуға үгіттеген видеосы үшін Алматы полициясына жеткізілді. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабы («жаппай тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылыққа үндеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Ішкі істер министрлігі Хамитовтің әрекеті қылмыс екенін хабарлады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/09/2020 13:21
47931 0

Уведомление